Қазақстанның алтын қоры әлем бойынша 18-орында

0
2 433

Дүниежүзілік алтын кеңесінің 2018 жылдың 1 наурызындағы деректері бойынша, Қазақстанның алтын қорлардағы қымбат металдар резерві 303 тоннаны немесе еліміздің халықаралық резервтерінің 41,3% құрайды.


Қазақстанның алтын қоры әлем бойынша 18-орында

Ұлттық банк алтын валюта резервтері құрылымында алтынның көлемін арттырып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің 2018 жылдың 1 наурызындағы деректері бойынша, Қазақстанның алтын қорлардағы қымбат металдар резерві 303 тоннаны немесе еліміздің халықаралық резервтерінің 41,3% құрайды.

Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 2017 жылдың аяғында (1 желтоқсан) олар 291,9 тонна немесе 37,5% құраған. 2016 жылдың соңында Ұлттық банкте 258,1 тонна алтын (халықаралық резервтердің 27,1%) болды.

Қазіргі уақытта әлемнің қымбат металдар резерві бойынша 100 елдің ішінде Қазақстан 18-ші орынды сақтап тұр.

Жалпы алғанда, осы жылдың есептік айының басында АҚШ ең үлкен алтын қоры бар (8133,5 тонна) мемлекет болды.

Ресей 6-орында, оның қорында 1857,7 тонна металл немесе 17,9% халықаралық резервтері бар.

Ал, Қытайдың резертік қоры - 1842,6 тонна, бірақ елде бар халықаралық резервтер құрылымында алтын 2,4 % ғана алады. Осылайша, Ресейдің алтын қоры Қытайдан асып түсті.

Бұған дейін, Ұлттық банк Қазақстан неге бұл көрсеткішті бірте-бірте арттырып отырғанын түсіндірген болатын.