Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылды

0
486

5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі жағдайға байланысты Төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23: 00-ден таңғы 7: 00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.


Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылды

иллюстрациялық фото

Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

"19 қаңтарда жарым түннен кейін, яғни сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдайдың күші жойылады", - деп жазды Берік Уәли .

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сонымен қатар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай күші жойылады. Бұған дейін Президент жарлығына сәйкес, өзге өңірлерде төтенше жағдай мерзімінен бұрын алып тасталған болатын.

"Осылайша, бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және еркін жүріп-тұруға, елді мекендерге кіруге және шығуға, т.б. қосымша енгізілген шектеу шаралары да жойылады.
Халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен әскерилердің жанкешті іс-қимылдарының арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келтірілді. Елімізде әрқашан бейбітшілік пен игілік болсын!" - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Еске салайық, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдегі жағдайға байланысты Төтенше жағдай жарияланып, түнгі сағат 23: 00-ден таңғы 7: 00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген болатын.