Қазақстанның бас санитария дәрігері қызметінен босатылды

0
423

Ол бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.


Қазақстанның бас санитария дәрігері қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары - Алматы әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында - санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды.