Қазақстанның бір облысында оқушылар мектепке барып оқиды

0
779

Екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушы болатын мектептер дәстүрлі оқу тәртібіне көшеді.


Қазақстанның бір облысында оқушылар мектепке барып оқиды

Ақтөбеде шектеу шарасы жеңілдеді. ІІ-тоқсанда оқушылар мектепке барып, білім алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес әлі де конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде, митингтер, шерулер, жиындар өткізуге тыйым салынған. Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), балалар ойын алаңдары және аттракциондар, жабық үй-жайлардағы, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары, балаларды сауықтыру лагерлері қызметіне, кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне, фудкорт, банкет залдарының қызметіне, аквапарктердің жұмысына шектеу жалғасады.

«Жексенбі және мереке күндері сауда-ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлар жұмысын тоқтатады. Екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушы болатын мектептер дәстүрлі оқу тәртібіне көшеді. Сыныптағы оқушы саны 15-тен аспауы тиіс. Жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар бойынша, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптар ашылады», - деп жазылған Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның жаңа қаулысында.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқиға болады.