Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

0
983

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.


Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15-20, тіпті 25 м/с жетуі ықтимал. Петропавл қаласында күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан екпіні 23 м/с болатын жел соғады. Қатты жел қала тұрғындарын да әбірге салуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында да ертең кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

Ақмола облысында да жағдай осыған ұқсас. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні қатты. 15-20 м/с көрсетуі ықтимал. Көкшетау қаласында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан екпіні 15 м/с болатын қатты жел соғады.