Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0
1 349

Кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.


Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" орталығы мамандары ауа райына байланысты еліміздің алты өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауады, бұрқасын болады. Сонымен қатар, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын болады, тұман, солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15- 20 метр жел соғады.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

20 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Дауылдың орын алу ықтималдығы 85-90 %.