Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 1,2%-ке өсті - Ұлттық статистика бюросы

0
1 111

Ұлттық статистика бюросы осы жылдың сегіз айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда қатынастарын қорытындылады.


Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 1,2%-ке өсті - Ұлттық статистика бюросы

ERNUR.KZ. 2023 жылдың сегіз айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ке өсті, деп жазады sputnik.kz.

"2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 18518,7 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,2%-ке артық", - делінген хабарламада.

Статистика бюросының мәліметі бойынша, бұл кезеңде тауарлардың экспорты 7 050,4 млн долларды құрады, яғни өткен жылғы көрсеткіштерден 20,5%-ке артық. Импорт - 11 468,2 млн доллар, 7,9%-ке төмендеді.

Қазақстанмен сыртқы саудадағы үлестер: Ресей Федерациясы - 91,8%, Қырғызстан - 4,7%, Беларусь - 3,3%, Армения - 0,2%. Ақтау түркі әлемінің мәдени ас