Қазақстанның екі азаматы Ресейдегі әскери комиссариатты өртеді деген күдікке ілінді

0
550

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей Федерациясының әртүрлі аймақтарында 20-дан астам әскери комиссариат өртелген.


Қазақстанның екі азаматы Ресейдегі әскери комиссариатты өртеді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Тергеушілердің айтуынша, әскери комиссариатты Аңсаған Молдахметов пен Сейіл Диас Мұратұлы өртеген, деп жазады ulysmedia.kz.

Іс материалдарына сәйкес, Аңсаған Молдахметов пен Сейіл Диас Мұратұлы мамыр айының басында Telegram-да «Добрынья Никитич» деген біреумен байланысқан. Олар әскери комиссариатты 800 мың рубльге өртеп жіберуді ұсынған.

Тергеу мәліметтері бойынша, 12 мамырда қазақстандықтар Омбыға көлікпен келген. Олар бес бөтелкеге машина майы, бензин құйып, электр лентасы сатып алып, осының барлығынан бес «Молотов коктейлін» дайындаған. Келесі күні түнде Молдахметов пен Сейіл әскери комиссариат ғимаратына жақындап, ішке Молотов коктейльдерін лақтырып жіберген.

Ғимараттың өртеніп жатқанына көз жеткізгеннен кейін олар күдіктілер қашып кеткен.

Молдахметов 24 тамызда ұсталды. Алдымен қазақстандықтың үстінен мүлікті қасақана жою бабы бойынша қылмыстық іс қозғалса, енді ол теракт жасады, оның үстіне алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Ер адам 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұратұлы әлі бостандықта жүр.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей Федерациясының әртүрлі аймақтарында 20-дан астам әскери комиссариат өртелген.