Қазақстанның ет өнімдерін Оман елі сатып алмақ

0
966

Кездесу барысында Қазақстан мен Оманның агроөнеркәсіптік кәсіпорындары арасындағы серіктестіктің жанданып келе жатқандығы айтылды.


Қазақстанның ет өнімдерін Оман елі сатып алмақ

ERNUR.KZ. Қазақстанның Омандағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәлі Маскат қаласында сол елдің Ауыл шаруашылығы және балық ресурстары министрі Хамад әл Ауфимен кездесті, деп жазады Skifnews.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Оманның агроөнеркәсіптік кәсіпорындары арасындағы серіктестіктің жанданып келе жатқандығы айтылды. Оман тарапы дәнді дақылдар мен ет өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ теңіз өнімдерінің экспортын арттыруға мүдделі. Екіжақты ынтымақтастықты жандандыру үшін Оман тарапы екі елдің ауыл шаруашылығы мекемелері басшыларының сапарларын ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мақсатында логистикамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.

Атап айтқанда, Қазақстан - Түрікменстан - Иран теміржол желісінің, сондай-ақ Иран, Қазақстан, Оман, Түрікменстан және Өзбекстан мүше Халықаралық транзиттік көлік дәлізінің (Ашхабад келісімі) әлеуеті атап өтілді. Тараптар көлік байланыстарын дамыту бойынша бірлескен іс-әрекетті жандандыру қажеттігіне назар аударды.