Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған түркиялықтар ұсталды

0
420

Көлік полицейлері ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Түркияның екі азаматына айыппұл салды.


Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған түркиялықтар ұсталды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Түркия Республикасының 43 және 46 жастағы екі азаматының ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтады», - деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.


Заң бұзған Түркия азаматтарының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 517-бабы бойынша шара қолданылған.

«Құқық бұзушылардың әрқайсысына 25 АЕК көлемінде жалпы сомасы 153 150 теңге айыппұл салынды», - деді Оңал Бекеев.