Қазақстанның Кувейттегі, Молдовадағы және Кипрдегі жаңа елшілері тағайындалды

0
496

Жарлық Ақордада жарияланды.


Қазақстанның Кувейттегі, Молдовадағы және Кипрдегі жаңа елшілері тағайындалды

Қазақстанның Кувейттегі, Украинадағы және Израильдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.