Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері тағайындалды

0
123

Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев, Жандос Әнуарұлы Асанов қызметтерінен босатылды.


Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Осы қызметті атқарған Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

"Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет