Қазақстанның оңтүстігінен келген улы өрмекшілер ШҚО тұрғындарының есін шығарды

0
1 685

Алдын ала болжам бойынша, олар елдің шығыс аймағына өңірдегі қатты ыстыққа байланысты келген.


Қазақстанның оңтүстігінен келген улы өрмекшілер ШҚО тұрғындарының есін шығарды

ERNUR.KZ. Өскемен және Ұлан ауданы маңындағы бағбандар сары сақаны тауып алды, - деп жазады tengrinews.kz.

Биологтардың айтуынша, улы болып саналатын өрмекшілердің бұл түрі елдің оңтүстік аймағында өмір сүреді. Алдын ала болжам бойынша, олар елдің шығыс аймағына өңірдегі қатты ыстыққа байланысты келген.

Ғалымдар қала тұрғындарын сары сақа шаққан кезде сезілетінін, бірақ ол өлімге әкеліп соқпайтынын айтып, сабырға шақырды. Сондықтан мамандар табиғатта демалатындарды сақ болуға шақырды. Қалың аяқ киім киіп, үрейге бой алдырмау керек.

"Адам өміріне бүйі мен қарақұрт қана қауіпті, қалғаны басқа да жануарлардың тістеуі секілді тек денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Неліктен қауіпті болуы мүмкін? Себебі жыртқыштар, біздің жағдайда өрмекшілер етқоректілермен қоректенеді", - дейді мамандар.