Қазақстанның Румыния және Словениядағы Елшілері тағайындалды

0
487

Президент Жарлығымен: Нұрбах Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.


Қазақстанның Румыния және Словениядағы Елшілері тағайындалды

Президенттің Жарлығымен Қазақстанның Румыниядағы және Словениядағы Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бүгін сондай-ақ Президент Жарлықтарымен: Нұрбах Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Ал Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.