Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингке енді

0
508

Қазақстандық университеттердің топ-100 пәндік рейтингісі екі есеге өскен.


Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингке енді

ERNUR.KZ. Еліміздегі 8 жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді, деп жазады sputnik.kz.

22 наурызда жарияланған Кью Эс Уорлд Юниверсити Ранкинг бай Сабжект (( QS World University Rankings by Subject)) қорытындысы бойынша қазақстандық университеттердің топ-100 пәндік рейтингісі екі есеге өскен.
Бұл тізімде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәптаев университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті бар.