Қазақстанның шығысында жергілікті тұрғындарға орманға баруға тыйым салынды

0
407

​Абай облысының құтқарушылары өңірде төтенше өрт қаупі сақталғандықтан, осындай тыйым енгізді.


Қазақстанның шығысында жергілікті тұрғындарға орманға баруға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қазақстанның шығысында жергілікті тұрғындарға орманға баруға тыйым салынды, деп жазады sputnik.kz.

Орманға барған кезде халыққа үзілді-кесілді тыйым салынады:
- орманда тұтанған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға;
- жел күшейгенде от жағуға;
- отты қараусыз немесе сөндірілмеген күйі қалдыруға;
- шыны ыдысты қалдыруға, өйткені оған түскен күн сәулесінен құрғақ шөп тұтануы мүмкін;
- орман ішінде, бау-бақшада, ағаш түбінде және жазық далада құрғақ шөп пен қамысты жағуға.
Бұған дейін елдің шығысында "Семей Орманы" резерватынан өрт шыққан болатын. Жалын орманның 280 гектарын шарпыды.