Қазақстанның солтүстігінде кен орнын салу үшін 48 гектар орман оталады

0
825

СҚО Айыртау ауданында әлемдегі ең ірі "Сырымбет" қалайы кен орнын игерумен айналысатын TIN ORE MINING компаниясына 48 гектар орман беріледі.


Қазақстанның солтүстігінде кен орнын салу үшін 48 гектар орман оталады

ERNUR.KZ. Тиісті нормативтік-құқықтық құжаттар ашық түрде қолжетімді болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Кен орны Кеңес заманында ашылған әрі әлемдегі ең үлкен кен орны. Қазір оған үлкен инвестициялар салынып жатыр. Басылым мәліметінше, қыркүйек айында "IN ONE MINING" ЖШС акцияларының 25 пайызы 14 миллиард теңгеге сатылған. Осылайша, жобаның жалпы бағасы кем дегенде 56 миллиард теңге болды.

"Қаулы жобасында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орлиногор орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінің санатынан жалпы ауданы 48,5 гектар жер учаскесін осы қаулының қосымшасына сәйкес өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерге ауыстыру көзделген",- делінген Қазақстан Үкіметінің сайтында.

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы "Сырымбет" кен орнының минералдық шикізатын өндіру және қайта өңдеу үшін жер учаскелерін беру мақсатында орман қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру мақсаты туындайтыны атап өтілді.

"Жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді", - делінген жобада.

Экспликацияға сәйкес 48,5 гектар алып жатқан жердің 45,7 гектары орманмен қамтылған, тек 0,75 гектары ғана орманмен қамтылмаған, ал 2 гектары "қолайсыз" жерге жатады. Түсіндірме жазбада TIN ONE MINING орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын ел бюджетінің кірісіне 13,7 миллион теңге мөлшерінде өтеуге міндетті екендігі көрсетілген. Бұдан басқа, компания ағаш шығынын 4,7 миллион теңге мөлшерінде өтеуге мәжбүр болады.