Қазақстанның сыртқы борышы қайта өзгерді

0
808

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия мәлімдеді.


Қазақстанның сыртқы борышы қайта өзгерді

ERNUR.KZ. ЕАЭО елдерінің сыртқы қарызы 6 60 млрд астам қысқарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері бойынша 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Одақтың сыртқы борышы өткен жылмен салыстырғанда 8,6% - ға немесе $61,7 млрд-қа төмендеді.

Атап айтқанда, бұл көрсеткіш Қазақстанда – $160,9 млрд (-3,2%), Беларусьте – 4 41,5 млрд (-1,9%) және Ресейде – 4 434,1 млрд (-11,4%) дейін төмендеді.

Ал Арменияда – $13,9 млрд – қа дейін (+0,4%) және Қырғызстанда – 9 9,2 млрд-қа дейін (+4%) өсті.

«Мүше мемлекеттердің сыртқы борыш құрылымында Беларусьте басқа секторлар бойынша, Қазақстанда – фирмааралық кредиттеу (тікелей инвестициялар) бойынша, Ресейде – басқа секторлар және фирмааралық кредиттеу бойынша қарыздың азаюы байқалды. Армения мен Қырғызстанда қарыздың ең көп өсуі банк секторында байқалды", – деп түсіндірді ЕЭК хабарламасында.