Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асып кеткен

0
590

Елдің сыртқы қарызы негізінен жеке сектор – банктер мен басқа секторлардың қарызы есебінен артқан.


Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асып кеткен

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы қарызы 164 миллиард доллардан асып кеткен, деп жазады stan.kz.

"Қазақстанның ІІ тоқсандағы сыртқы қарызы 2022 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2,3%-ға өсіп, 164,2 млрд долларды құрады", – делінген Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған баяндамада.

Құжатқа сәйкес, елдің сыртқы қарызы негізінен жеке сектор – банктер мен басқа секторлардың қарызы есебінен 4 миллиард долларға артып, 129,15 миллиард долларға жеткен.