Қазақстанның сыртқы қарызы 3,8 млрд долларға азайды

0
461

Өткен жылдың 1 қазанында қарыз көлемі 160,9 млрд доллар болатын.


Қазақстанның сыртқы қарызы 3,8 млрд долларға азайды

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы қарызының көлемі жыл басынан бастап 2,3% ға немесе 3,8 млрд АҚШ долларына азайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2022 жылғы 1 қазанда қарыз көлемі 160,9 млрд доллар болатын.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап сыртқы борыш төлем балансы бойынша операциялар, бағалық және бағамдық өзгерістер есебінен азайған.

Қазақстан сыртқы борышының қаржы құралдарының түрлері бойынша құрылымында бейрезиденттерден тартылған несиелер мен кредиттер (78,9%) және бейрезиденттердің қолындағы борыштық бағалы қағаздарға (9,5%) басымдық болды.