Қазақстанның тағы бір облысы елдегі коронавирус жағдайы бойынша "сары" аймаққа кірді

0
550

Қазір жағдайы ауыр өңір жоқ.


Қазақстанның тағы бір облысы елдегі коронавирус жағдайы бойынша

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Солтүстік Қазақстан облысы елдегі коронавирус жағдайы бойынша "сары" аймаққа кіргенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазір жағдайы ауыр өңір жоқ. "Сары" аймақтағы өңір бар - ол Солтүстік Қазақстан облысы. Шығыс Қазақстан облысы да "сары" аймаққа жатады", - деді Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қазанда "сары" аймақта тек Шығыс Қазақстан облысы екенін, ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта екенін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап блокбекеттер қойылады.