Қазақстанның темір жолдарында жылына 100-ден астам қайғылы оқиға болады

0
1 825

Жолдағы қайғылы жағдайлар азаматтардың рұқсат етілмеген орындардан өтуінен, ұқыпсыздығынан орын алады


Қазақстанның темір жолдарында жылына 100-ден астам қайғылы оқиға болады

ERNUR.KZ Қазақстанның темір жолдарында жылына 100-ден астам қайғылы оқиға болады. Елорданың темір жолға жақын орналасқан мектептерінде оқушылармен кездескен теміржол саласының мамандары осындай деректер келтірді, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Теміржолшылар мұндай кездесуді басқа емес балалардың жазғы демалысқа шығатын уақытында өткізуді жөн деп тапқан. Өйткені балалардың ересектердің назарынан тыс көбірек жүретін уақыты да осы кез. Шара барысында Нұр-Сұлтан вакзалы мен локомотив пайдалану депосының өкілдері балаларға темір жол маңында жүру мен өткелдерден өтудің негізгі ережелері туралы айтты.

Машинист-нұсқаушы Сырым Беков қауіпсіздік техникасы балалардың жазғы маусымда жиі бұзатын ережелері екендігіне тоқталды және оған қатысты нақты мәліметтерді келтерді.

«Жолдағы қайғылы жағдайлар әдетте азаматтардың рұқсат етілмеген орындардан өтуінен, ұқыпсыздығынан болып жатады. Жастар құлаққаппен музыка тындап немесе ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатқанда машинист берген дабылды, локомотив даусын естімейді. Ал 6 мың тонналық жүк құрамын бір мезетте тоқтату мүмкін емес. Пойыздың тежелу жолы минимум 1000 метрді құрайтындықтан, оқыс жағдайға тап болу тәуекелі өте жоғары», - дейді машинист.

Сондай-ақ оның деректеріне қарағанда, статистика бойынша жыл сайын темір жолда 100-ден астам қайғылы жағдай болады.

«Темір жолда техника көп: вагондар, локомотивтер деген сияқты. Олар балаларды өзіне еріксіз тартады. Балалр вагондардың үстіне қызық үшін шығады да оның салдары неге алып келетінін ойлай бермейді. Жазғы демалыс кезінде балаларға ата-аналары мен мұғалімдер тарапынан ерекше бақылау керек», деп атап көрсетті Нұр - Сұлтан станциясының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас маман Маржан Айтмағанбетова.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуы қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді.