Қазақстанның тоғыз өңірінде ескерту жарияланды

0
1 403

16 қазанда Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.


Қазақстанның тоғыз өңірінде ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Ақмола облысы

16 қазанда Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысы

16 қазанда Қарағанды облысының орталығында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Атырау облысы

16 қазанда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, шығыста және облыс орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Маңғыстау облысы

16 қазанда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында құмды дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысы

16 қазанда түнде Павлодар облысының шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

16 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік, күндіз оңтүстік-шығыстан облыстың батысы мен солтүстігінде жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

16 қазанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, күндіз облыстың шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус аяз күтіледі. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысы

16 қазанда күндіз, 17 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

16 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Петропавлда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.