Қазақстанның тумасы Дмитрий Петелин әйелдерді ғарыштан құттықтады

0
781

Құттықтаудың видеосы Роскосмостың телеграм-арнасында жарияланды.


Қазақстанның тумасы Дмитрий Петелин әйелдерді ғарыштан құттықтады

ERNUR.KZ. Ресейлік ғарышкер Дмитрий Петелин мен экипаж командирі Сергей Прокопьев Халықаралық ғарыш станциясынан әйелдерді 8 Наурыз мейрамымен құттықтады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Құттықтаудың видеосы Роскосмостың телеграм-арнасында жарияланды.
"Бүгін біз ең сүйікті мерекелеріміздің бірі – 8 Наурызды атап өтіп отырмыз. Осы мейраммен Сіздерді көктемде жылына бір рет құттықтасақ та, жыл мезгіліне қарамастан бізді махаббат пен қамқорлығыңызға бөлеп жүргеніңізге бақыттымыз, сол үшін шын жүректен алғыс айтамыз ", - дейді Петелин.

Ал Дмитрийдің әріптесі, ХҒС командирі Сергей Прокопьев әйелдердің күші сұлулықта екенін ерекше атап өтті. Олар соны ұмытпауы керек.


"Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыз күн сайын жан жылуын сыйлап, жұбайларыңыз, балаларыңыз бен немерелеріңіз ылғи жақсы көретінін айтып жүрсін",
- деп атап көрсетті Прокопьев.