Қазақстанның вакцина паспортын әлемнің 7 елі мойындаған

0
546

Қазақстанда алынған вакцинаның паспортын мойындаған елдер ішінде Тайланд пен Түркия бар.


Қазақстанның вакцина паспортын әлемнің 7 елі мойындаған

ERNUR.KZ. Қазақстанда алынған вакцина паспортын мойындайтын елдер аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакцина алуда оның паспорты шетелде мойындалғаны емес, оның қаншалықты тиімді екені маңызды. Басты мақсат – вакцинаның адам ағзасын қорғауы, сол арқылы денсаулығымызды сақтаймыз. Біз үшін ең бастысы осы. Бүгінгі күні Қазақстанда алынған вакцинаның паспортын Тайланд, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Грузия, Кипр, Түркия елдері мойындап отыр. Сол секілді Ресейде де ЕАЭО аясында вакцина паспортын мойындау келіссөзі жүргізілуде. Сонымен қатар, біздің министрлік Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп өзара вакцина паспортын мойындау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Яғни шетелдіктердің вакцина паспортын біз ғана мойындап қоймай, екіжақты ету міндеті тұр», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін комитет басшысы Қазақстанның вакцина өндіруші бірнеше компаниямен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

Одан бөлек, А. Есмағамбетова вакцина алудан бас тартқан жұмысшылар мен жұмыс берушілердің құқығына қатысты түсінік берді.