Қазақтың қара домбырасына арақ құйып сатқандар елдің шамына тиді (видео)

0
3 503

​ERNUR.KZ. Мазақ етпеген не қалды?.. Бұл жолы қазақтың қара домбырасын аяқ асты етуді көздегендер көпшіліктің ашуын тудырды. Яғни, домбыра пішіндес бөтелкеге құйылған ішімдік жұрттың жағасын ұстатты. Ол аз дегендей алкогольді сусынға басқа атау құрып қалғандай «Домбыра» деген ат қойылған.


Қазақтың қара домбырасына арақ құйып сатқандар елдің шамына тиді (видео)

ERNUR.KZ. Мазақ етпеген не қалды?.. Бұл жолы қазақтың қара домбырасын аяқ асты етуді көздегендер көпшіліктің ашуын тудырды. Яғни, домбыра пішіндес бөтелкеге құйылған ішімдік жұрттың жағасын ұстатты. Ол аз дегендей алкогольді сусынға басқа атау құрып қалғандай «Домбыра» деген ат қойылған. Бұл, әрине, көзі ашық, көкірегі ояу кез келген азаматты ашуландырмай қоймады. Арақтың бұл түрін көрген бірнеше жігіт оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген. «Инстадостар, қараңыздар. Қазағымның қарапайым домбырасы, міне. Қараңыздар...Қасиетті домбыраны араққа айналдырып жіберіпті. «Арақ»деп жазылып қойған мына жерде, мына жерде «Домбыра». Құндылығы қайда қазақтың домбырасының?.. Не боп бара жатыр бұл?.» деген видеоны түсірушілер бөтелкені шертіп те көрсетеді. Видеоны көрген желі қолданушылары бұл жайтқа таң қалып, өзара пікірлерін жаудырды. «Астана» деген дәретхана қағазын шығарғандар да болды», «Масқара, бұл енді шектен шыққандық қой», «Бұны шығарғандар жазаларын алуы тиіс», "Мұндай да бар ма? Алғаш көріп отырмын. Нағыз сорақылық» деген желідегілердің кейбірі бұл арақтың пайда болғанына бірнеше жыл өтіп кеткенін алға тартса, екінші бір қолданушы ішімдіктің бұл түрі әлі де сатылымда екенін айтып қынжылды. Пікір қалдырушылар арасында сыртқы пішіні музыкалық аспаптан аумайтын бұл ішімдікті ішіп жүргендер қазақтың құндылығын аяқ асты етіп жүр дегендер де табылды.

Видео: желіден алынды