«ҚазАвтоЖол» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

0
430

​Қазіргі кезде республикалық күре жолдар ашық.


«ҚазАвтоЖол» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

ERNUR.KZ. «ҚазАвтоЖол» күн райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп azattyq-ruhy.kz.

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

«Осыған орай көлік жүргізушілерін ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруға шақырамыз. Қалыптасқан ауа райы жағдайын ескере отырып қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмау маңызды. Сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз. Жол белгілерін ескеріңіз», - деп ескерті жол қызметкерлері.

Республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды.

«Қазіргі уақытта республикалық күре жолдар ашық. Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды», - делінген «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарламасында.