"ҚазАвтоЖол" басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды

0
293

Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.


ERNUR.KZ. Астанада аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Асқар Муратұлы ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

"Астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды", - делінген хабарламада.

Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚПК-ның 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды.