Қажылыққа виза алу тәртібі жеңілдеді

0
3 829

Биыл қажыларға электронды виза беріледі.


Қажылыққа виза алу тәртібі жеңілдеді

ERNUR.KZ. Биыл қажылық баратын мұсылмандарға визаны электронды жүйе арқылы алуға болады, деп жазады muftyat.kz.

Сауд Арабия билігі ағымдағы жылы қажылыққа виза алу жолын жеңілдетті. Аталмыш жүйе Рамазан айында тәжірибе ретінде енгізілген. Нәтижесінде Ұмраға (кіші қажылық) келушілердің саны 30 пайызға артқан екен.

Бірқатар елдерде осыған дейін Сауд Арабиясы корольдігінің консулдық орталықтары болмағандықтан жиі қиындық туындайтын. Сол себепті қажылыққа виза беру тәртібі жеңілдетіліп отыр.

- Мұның ұтымды тұсы көп. Бұған дейін туристік фирмалар виза рәсімдеу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Сауд Арабиясының елшілігіне төлқұжат ұсынатын. Енді "Қажылық-2019" маусымында қажылыққа баратын қазақстандықтардың визасын электронды жүйе арқылы алуға болады. Биылға дейін виза алу уақыты бірнеше күнге созылса, енді ол бір сағатта дайын болады. Осындай электронды виза беру үдерісіне көшкен Сауд Арабиясы Таяу Шығыс аймағында электронды қызметті қолға алған алғашқы ел, - деді Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов.

Айта кетсек, бұған дейін парызын өтеушілердің құжаттары әр облыстан жиналып, Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілетін. Ал енді әрбір қажылық фирмалары өз кеңсесінен қажетті құжаттарды рәсімдеп, бір күн ішінде виза рәсімдей алады.