Қазнетте "АрселорМиттал Теміртаудың" "жаңа атауы" тарап жатыр

0
1 879

Ақпарат қазақстандық жаңалықтар порталының әлеуметтік желілердегі постының иллюстрациясына сай жасалған.


Қазнетте

ERNUR.KZ. WhatsApp-та "Арселор Миттал Теміртау" атауы "Kemel Temirtau" деп өзгертілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл фейк, деп жазды StopFake.kz порталы, деп жазады tengrinews.kz.

Ақпарат қазақстандық жаңалықтар порталының әлеуметтік желілердегі постының иллюстрациясына сай жасалған. Ал мәтінде жаңа атау туралы Өнеркәсіп министрлігінің басшысы хабарлады делінген.

"Бірақ онда "Арселор Миттал Теміртау" қалай аталатыны жазылмаға. Жаңалықта былай делінген: "Арселор Миттал Теміртау" Қазақстандағы атауын өзгертеді, деп мәлімдеді Өнеркәсіп министрлігінің басшысы". Пост суретінде де компанияның жаңа атауы көрсетілмеген", - деп жазды портал.

Керісінше, бұл тақырыптағы осы және басқа жаңалықтарда компанияның жаңа атауы әлі белгісіз екені атап өтілген. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк.