Қазнетте Нұр-Сұлтандағы кептеліс туралы "халық" әні тарап жатыр

0
995

"Қайталап тыңдай беремін".


Қазнетте Нұр-Сұлтандағы кептеліс туралы

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан жолдарындағы көлік кептелісі туралы ән тарап жатыр. Автор оны халық әні стилінде орындаған, деп жазады Tengrinews.kz.

Роликтің авторы - актер, "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов. Ол бұл видеоның бір апта бұрын Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы кеңселердің бірінен түсірілгенін айтады. Ролик кейін желіде тарап, қызу талқыланды.

"Мынау не деген "пробка" (кептеліс - авт.)?", - деп әндетеді автор мақамын халық әндерінің стиліне салып.

"Қайталап тыңдай беремін", "Бұл шедевр" - дейді желі қолданушылары.



Желідегілер әртістің қалжыңын бағалап, қаладағы кептелістер мәселесін қолдаған. Көп қолданушы видео пікіріне күліп тұрған смайлдар қалдырған.