"Қазпошта" АҚ неге қазақ тілінде хабарлама жібермейтінін түсіндірді

0
469

"Қазпочта" АҚ мәліметінше, қазір хабарламалардың барлық түрлерін қазақ тіліне баптау және аудару жұмыстарымен айналысып жатыр.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар "Қазпошта" АҚ өз тұтынушыларына тек орыс тілінде хабарлама жіберетініне наразы болды, деп жазады tengrinews.kz.

"Қазпочта" АҚ мәліметінше, қазір хабарламалардың барлық түрлерін қазақ тіліне баптау және аудару жұмыстарымен айналысып жатыр. Компания хабарлама мәтіндерінің 70 түрін және push-хабарлама мәтіндерінің 16 түрін қамтитын 56 қызмет түрін көрсететінін ескере отырып, бұл жұмыс барысы бір ай ішінде аяқталады.

"Тұтынушылардан кешірім сұраймыз және хабарламаларды қазақ тілінде жіберу үшін барлық қажетті шараларды қолданып жатқанымызға сендіргіміз келеді. Корпоративтік веб-сайт пен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар мемлекеттік тілде жүргізілетінін мәлімдейміз. Пошта бөлімшелерінде тұтынушы қызметті өзіне ыңғайлы тілде таңдай алады", - деп хабарлады "Қазпошта" АҚ қызметкерлері.