"ҚазТрансГаз Аймаққа" қомақты айыппұл салынды

0
212

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ тауарлық газды іске асыру саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі, АҚ шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.


ERNUR.KZ. Бұл туралы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

""ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 166-бабының екінші бөлігі бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қолданылмаған соманың он пайызы көлемінде сомасы 5 340 143 теңгені құрайтын айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- деп жазылған хабарламада.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ тауарлық газды іске асыру саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі, АҚ шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.