"ҚазТрансОйл" Бакуге 6 900 тонна мұнай жөнелтті

0
502

Мұнай жөнелтуші – INPEX North Caspian Sea, Ltd.


ERNUR.KZ. "ҚазТрансОйл" АҚ 6 900 тонна қазақстандық мұнайды Баку порты бағытына қарай экспортқа сәтті жөнелтті, деп жазады sputnik.kz.

"Ақтау портында Қашаған кен орнынан шыққан 6 900 мың тонна мұнайды Баку порты бағытына қарай бірінші сынақ ретінде жөнелту жұмысы сәтті аяқталды. Мұнай жөнелтуші – INPEX North Caspian Sea, Ltd", - делінген компанияның хабарламасында.

INPEX North Caspian Sea, Ltd Қазақстандағы өкілдігінің директоры Хироши Икеданың айтуынша, сынақ жөнелтілімі Қашаған мұнайының Транскаспий бағыты бойынша теміржол көлігімен экспорттық бағыттарын әртараптандыру мүмкіндігін көрсетті.

Сондай-ақ INPEX North Caspian Sea, Ltd өкілі Қазақстан Республикасының үкіметімен және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен бірлесіп резервтік экспорттық бағыттарды дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.