"ҚазТрансОйл" үш айда Өзбекстанға 10,7 мың тонна Ресей мұнайын транзиттеді

0
538

"ҚазТрансОйл" баспасөз қызметі 10,7 мың тоннасы наурыз айының соңына дейін, ал қалған 14,2 мың тоннасы сәуір айының басында жөнелтілгенін айтты.


ERNUR.KZ. 2023 жылдың алғашқы үш айында "ҚазТрансОйл" АҚ Өзбекстанға 10,7 мың тонна Ресей мұнайын транзиттеді, деп жазады Sputnik.kz.

"Наурыз айында "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінен "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына 25 мың тонна Ресей мұнайын транзиттеді", - делінген Ұлттық компанияның хабарламасында.

"ҚазТрансОйл" баспасөз қызметі 10,7 мың тоннасы наурыз айының соңына дейін, ал қалған 14,2 мың тоннасы сәуір айының басында жөнелтілгенін айтты.

Компанияның мәліметінше, биыл "ҚазТрансОйл" магистральдық мұнай құбырлары арқылы жалпы 225 мың тонна Ресей мұнайы Өзбекстан Республикасына транзиттеледі. Ресей мұнайының Өзбекстанға транзиті 2017 жылы басталған, сол 2017 жылы Қазақстандағы құбыр жүйесі арқылы 67,9 мың тонна, ал 2018 жылы - 36 мың тонна мұнай жіберілді.
"Алайда, 2019 жылдан 2022 жылға дейін Ресейден Өзбекстанға мұнай транзиті тоқтатылды. 1 ақпаннан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ Ресейден шыққан мұнайды Өзбекстан Республикасына тасымалдау қызметінің тарифін тоннасына 25,12 доллардан 27,9 долларға дейін көтерді (ҚҚС-сыз)", - дейді баспасөз қызметі.