​ҚБТУ-да студенттерге арналған жаңа жатақхана ашылады

0
7 566

980 орындық екі жаңа тоғыз қабатты жатақхана ғимараты салынды.


​ҚБТУ-да студенттерге арналған жаңа жатақхана ашылады

фото: көрнекілік үшін

ERNUR.KZ.Қазақстан-Британ техникалық университетінің басшылығы 25 желтоқсанда студенттер мен магистранттарға арналған жаңа жатақхана мен спорт кешенінің ашылады.

Бұл туралы ҚБТУ баспасөз орталығы хабарлады.


Биылғы жылы ҚБТУ 980 орындық екі жаңа тоғыз қабатты жатақхана ғимаратын және сыйымдылығы 198 орындық трибуналары бар ойын залынан тұратын үш қабатты спорт кешенін салды.

Спорт кешенінде студенттер бос уақытында үстел теннисі, бокс, күрес, футзал, волейбол, баскетбол, гандбол және басқа да спорт түрлерімен айналыса алады; хореография сабақтарын өткізуге арналған зал, сондай-ақ спорт залы жұмыс істейтін болады.