Kcell интернеттегі ақауларға қатысты түсініктеме берді

0
578

Елордада Kcell мен Activ қолданушылары таңертеңнен бастап интернет жоқтығы жөнінде желіде жарыса жазып жатыр.


Kcell интернеттегі ақауларға қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Kcell компаниясы 17 шілде күні сервисті қалпына келтіру бойынша жұмыс атқарылып жатқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Компания қызметкерлері Қазақстанның солтүстігі және шығысындағы бірқатар қалада деректерді беру қызметінің жоқтығын анықтады. Бүгінде біздің мамандар оның себебін анықтап, сервисті тезірек қалпына келтіру бағытында тиісті жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Kcell баспасөз қызметі.