Кеденнен 53 млн теңгенің тауарын заңсыз өткізбек болған басшы сотталды

0
1 316

Халық тұтынатын тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізген азамат айыппұл төлейді.


Кеденнен 53 млн теңгенің тауарын заңсыз өткізбек болған басшы сотталды

Кеденнен құны 53,3 млн теңге декларацияланбаған тауар өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Аталған Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «Экспресс-жүк» ЖШС директорына қатысты істі тергеді. Ол «Алтын көл» кеден бекеті арқылы Қытайдан Қазақстанға теміржол контейнерлерімен әкелінген, кедендік құны 53,3 млн теңгені құрайтын декларацияланбаған тұтыну тауарларын кеденнен заңсыз өткізбек болған.

«Экспресс-жүк» ЖШС директоры ҚР ҚК 234-бабының 2-б. 4-т. (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) бойынша айыпты деп танылды. Оған мүлкін мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 3,7 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.