Келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады

0
426

Қазір ең төменгі жалақы - 60 мың теңге.


Келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады

ERNUR.KZ. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Елімізде 1,8 миллионға жуық адам ең төменгі жалақыға күн көріп отыр.

«Биыл инфляцияның жоғары деңгейі халықтың табысына теріс әсерін тигізіп отыр. Бұған қоса, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін өсірілетін болады»,-деді вице-министр.

Қазақстандағы ең төменгі жалақының артатынын Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында да мәлім еткен еді. Былтыр да Президент 42 500 теңге жалақының 60 мың теңгеге көбейетінін айтқан.