Келесі айда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

0
457

Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді.


Келесі айда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір айдан кейін «Ұлттық құрылтайдың» алғашқы отырысы өтетінін еске салды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бір айдан кейін жаңа диалог алаңы – «Ұлттық құрылтайдың» алғашқы отырысы өтеді. Құрылтай қоғамды елдің дамуындағы өзекті мәселелерді талқылау жолында топтастыруға арналған», - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ассамбленың қоғамдық құрылымдары азаматтық қоғамды қайта жүктеу міндетін шешуден шеткері қалмауы керектігін атап өтті.

«Тілдер туралы айтқанда біз Қазақстан өз тарихына, этникалық ерекшелігіне байланысты көптілді мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Бұл біздің артықшылығымыз, бұл біздің – активіміз. Сонымен бірге мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Біз мұны да есте ұстап, қазақ тілінің мәртебесін нығайтуымыз керек. Бірақ бұл қандай да бір өзге тілдерге және сол тілдерде сөйлейтін адамдарға, азаматтарға зиян тигізбеуі, тіптен кемсітілуіне жол бермеуі керек.

Менің өзім Біріккен ұлттар ұйымында жұмыс істегенмін. Әсіресе көпэтносты, көпұлтты мемлекеттерде ұлттық бірлікті сақтаудың қаншалықты маңызды екенін білемін», - деді Мемлекет басышсы.

Айта кетейік, Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді.