"Кептер ауламақ болған": Қызылорда облысындағы мектепте болған ТЖ туралы тың мәлімет шықты

0
866

Бүгінде бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.


ERNUR.KZ. Қызылорда облысында көгершін аулау үшін мектеп төбесіне шыққан екі ер адамның оқиғасына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды. Олардың бірі шатыр опырылып, қаза болды, деп жазады tengrinews.kz.

Қызылорда облысы Сырдария аудандық білім бөлімінің мәліметінше, марқұм Тереңөзек ауылындағы Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейі электригінің туысы болған.

"2023 жылдың 28 қаңтарында №3 мектеп-лицейінің электригі О. өзінің туысы азамат А.К.-мен бірге осы білім беру мекемесінің шатырына шығып кеткен. А.К. абайсызда Б және К блоктарының арасына құлап, оқиға орнында қаза тапты", - деп жазылған ведомствоның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған жазбада.

"Мектептің шатыры апатты жағдайда емес. Күрделі жөндеуді қажет етпейді", - делінген хабарламада.

Бүгінде бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"Лицей мектебінің күзетшісі мен электригі жұмыстан босатылды, жауапты қызметкерлер қатаң жазаға тартылды", - деп толықтырды облыстық білім басқармасы өкілдері.