"Кезекшілікте болмаған": "АрселорМиттал Теміртау" кенішінен жұмысшының мәйіті табылды

0
649

Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.


ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде тағы бір қызметкердің мәйіті табылды, деп жазады stan.kz.

"2022 жылғы 6 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкердің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған", - делінген хабарламада.

Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында төтенше жағдай болып, 5 жұмысшы қаза тапты.