"Хабардың" бұрынғы бас директоры Владимир Рерих қайтыс болды

0
1 163

Қазақстанның бас арнасын басқарған тележурналист Германияда қайтыс болды.


ERNUR.KZ. Қазақстандық тележүргізуші, "Хабар" ТРК бұрынғы бас директоры Владимир Рерих қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Ол жақында 66 жасқа толды. Оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты бұрынғы әйелі, тележүргізуші Дана Нұржігіт растады. Олардың Әлім атты ортақ ұлы бар.

Владимир Ахмедьянович Рерих 1958 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған қаласында дүниеге келген.
1987-1994 жылдары "Кеңестік Қазақстан" киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор болып жұмыс істеді.
Одан кейін "Қазақфильм" киностудиясында түрлі қызметтер атқарды.
1996-2003 жылдары "Хабар" агенттігінде жұмыс істесе, 2006-2011 жылдар аралығында Еуразиялық медиа форумның бас продюсері болды.
Ол сондай-ақ "Хабар" арнасындағы "Поздний Рерих" телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.
2012 жылы ол Германияға тұрақты қоныс аударды. Соңғы уақытта Владимир Рерих Youtube желісінде өзінің авторлық жобасымен айналысқан.