Хакерлер қазақстандықтардың гаджетіне жиі шабуылдай бастады

0
368

​Еліміз интернет арқылы қауіпті бағдарламалар жұқтырған пайдаланушылардың саны бойынша әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұр.


Хакерлер қазақстандықтардың гаджетіне жиі шабуылдай бастады

ERNUR.KZ. Қазақстан майнерлерге жасалған шабуылдар жиі тіркелген елдердің бестігіне енді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

«Касперский зертханасының» дерегі бойынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанында веб-антивирус орнатылған әрбір оныншы құрылғыда зиянды бағдарламалық қамтамасыз етудің бірқатар түрі бұғатталды.

«Қазақстан интернет арқылы қауіпті бағдарламалар жұқтырған пайдаланушылардың саны бойынша әлемдік рейтингте тоғызыншы орында және майнерлерге жасалған шабуылдар саны бойынша бесінші орында тұр. Осы кезеңде әсіресе мобильді алаяқтар белсенді болды. Осы жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда осындай жағдайларға тап болған пайдаланушылардың үлесі басқа елдерге қарағанда түрде көбірек болды»,– деді зертхана мамандары.

Елімізде 2020 жылдың қаңтар және қараша айлары аралығында осындай 16,6 млн шабуыл тіркелген. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе көп. Пандемия кезінде интернет-алаяқтар көбейе түсті. 2020 жылы Қазақстанда пайдаланушылардың фишингтік сайттарға 3,4 млн мәрте өту әрекеті тіркелді. Бұл көрсеткіш үнемі өсуде. Мысалы, бір жыл бұрын осындай 2,9 миллион жағдай анықталған еді.