«Халық банкі» АҚ мен «Казкоммерцбанк» бірігетін болды

0
1 892

Екі банк салық төлеушілерге ескерту жасады.


«Халық банкі» АҚ мен «Казкоммерцбанк» бірігетін болды

ERNUR.KZ. «Халық банкі» АҚ мен «Казкоммерцбанк» салық төлеушілерге ескерту жасады.

Ағымдағы жылдың 20 сәуір күні «Халық банкі» АҚ мен «Казкоммерцбанк» АҚ бірігіп өткізген акционерлер жиналысының қорытындысы бойынша 26 шілде 2018 жылы екі банктің бірігуі жоспарлануда.

Осыған орай 26.07.2018 жылы салықтар мен төлемдерді қабылдау уақытша тоқтатылады. Салықтар мен төлемдерді уақытында бет есепке отырғызып, негізсіз өсімпұлдың пайда болмауына жол бермеу үшін барлық төлемдер жүргізуді аталған жылдың 25.07.2018 жылға дейін жүргізулеріңізді сұранамыз.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі