Халық банкі журналист тарапынан сынға қалды

0
1 086

Қатеге толы түбіртектер жаға ұстатқан


Халық банкі журналист тарапынан сынға қалды

ERNUR.KZ. Отандық белгілі журналист түбіртектері қатеге лық толы "Халық банкті" сынап тастады. Жолымбет Мәкіш өзінің Facebook парақшасына айналдырған он сөзді дұрыс жаза алмаған отандық банктегі оқиғасы туралы жазба қалдырды, деп жазады NUR.KZ.

Жолымбет Мәкіш есімді журналист "Халық банкке" барып, қатеге лық толы түбіртектерді көріп жаға ұстаған. Ол елінің бетке ұстар банкінің мұндай сауатсыздыққа жол беруіне ашуланды.

"Халықтың атын жамылған "Халық банктегі" қазақ тілінің жағдайы осындай!" , - деп жазған ер адам.

Ол он сөздің жетеуі қате болған түсіртекті де суретке түсіріп, желіге жүктеп жіберген. Желі қолданушылары автордың жазбасына қатысты өз пікірлерін білдіріп, қызу талқылап жатты. Оқырмандар бір ауыздан банктердегі сауатсыздықты жойып, банкоматтардың қазақшасын дамыту керектігін алға тартты.