"Халық карантин аяқталды деп ойлайды": бас санитар ескерту жасады

0
325

​Соңғы кездері коронавирус белгісімен ауруханаға хабарласып өз еркімен жатқандар да көбейген. Тіпті, ондай адамдардың саны 40 %-ке өскен.


ERNUR.KZ. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантиндік шараларды жеңілдеткеннен кейін науқастардың көбейгенін мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Негізі, соңғы аптада науқастардың саны 15 процентке өсіп отыр. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, тестілеудің ауқымы кеңейді. Күн сайын тест тапсыратындардың саны 23 мың адамға жетті. Осындай тексеріс кезінде барлық науқастардың 66 проценті анықталды. Екіншіден, ұжымдарда коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп кетті", – деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, коронавирус белгілерімен ауруханаға өздігімен хабарласып жатқандар да көбейді. Бір аптаның ішінде ондай адамдардың саны 40 процентке өсті.

"Әсіресе, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында, Павлодар, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында өздігімен хабарласатындар көп. Бұл нені аңғартады? Адамдар карантин аяқталды деп ойлап қалды. "Осымен бәрі бітті, бұрынғы өмірге оралдық, ешқандай шектеу жоқ" деген түсінік бар. Халық қарапайым алдын алу шараларын сақтамайтын болды", – деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет