Халық Қазақстаннан ақырындап көшіп кетіп жатыр

0
1 122

Жоғары білімділер Америка, Ресей сияқты елдерге қарай ойысуда.


Халық Қазақстаннан ақырындап көшіп кетіп жатыр

ERNUR.KZ. Жыл сайын Қазақстаннан көшетіндер саны артып барады. LS порталының хабарлауынша, биыл қаңтар-наурыз аралығында 8 мыңнан астам адам елден көшіп кеткен, деп жазады Zakon.kz.

Бұл былтырғы көрсеткіштен 22 пайызға жоғары. Көбі Ресейге қоныс тепкен.

Одан кейін қазақстандықтар Германия, Өзбекстан, Қытай мен АҚШ-та тұруға бел буған. 3 айда 55 адам Америкаға көшіп кеткен.

Ал Қазақстанға қоныс аударғандар көшушілерден әлдеқайда аз. 3 айда 3 мыңнан астам адам келген. Бір жарым мыңдай адам Өзбекстан мен Ресейден көшкен. Түркіменстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолиядан қоныс аударған да бар.

Иммигранттардың 500-ге жуығының білімі жоғары болса, Қазақстаннан кеткендердің 2,5 мыңға жуығының білімі жоғары болған екен.