«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «IDP IELTS Kazakhstan» емтихан орталығы меморандумға қол қойды

0
508

Келісімге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов пен «IDP IELTS Kazakhstan» директоры Майя Рахымбекова қол қойды.


«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «IDP IELTS Kazakhstan» емтихан орталығы меморандумға қол қойды

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «IDP IELTS Kazakhstan» емтихан орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында тараптар білім беру және ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін саралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келісімге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов пен «IDP IELTS Kazakhstan» директоры Майя Рахымбекова қол қойды.

"Қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» стипендиясын реформалауға қатысты тапсырмасын орындау бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Алдағы уақытта «Болашақ» стипендиясын ұлттық және жаһандық деңгейдегі сын-қатерлерген және ел экономикасын дамыту басымдық беруі тиіс. Сонымен қатар еліміз үшін шетелде кадрлар даярлау тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар әзірлеп жатырымыз", – деді Олжас Сәкенов.

Келісім жасасудың негізгі мақсаты «IDP IELTS Kazakhstan» мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» кандидаттарына тестке тұрақты негізде, сондай-ақ жоғары сұраныс кезеңінде квоталар беруге дайын болуы шарт.

Сондай-ақ, тараптар өзара іс-қимыл жоспарын одан әрі нығайтуға, оның ішінде ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықты арттыруды көздейді.