Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді қазақстандық полицейлер қолға түсірді

0
1 422

Қазақстандық полицияға қылмыскердің жасырынған жері туралы ақпарат өзбек әріптестерінен келіп түскен.


Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді қазақстандық полицейлер қолға түсірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағынан 10 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған Тәжікстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Түркістан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері адам өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеуде болған Тәжікстан Республикасының азаматын іздеу және ұстау бойынша операцияны сәтті аяқтады. Ол 10 жылға жуық бойы сот әділдігінен жалтарып жүрген», - деді Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, қазақстандық полицияға қылмыскердің жасырынған жері туралы ақпарат өзбек әріптестерінен келіп түскен.

«Екі мемлекет полициясының осындай тығыз ынтымақтастығының нәтижесінде ол Өзбекстан Республикасының Ташкент аумағында ұсталды. Енді әділ жазасын алады», - деді ресми өкіл.